13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау және Ақпараттық Технологиялар» көрмесі
13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау және Ақпараттық Технологиялар» көрмесі

ЭКСПОНЕНТТЕР SECUREX 2023 КӨРМЕСІНДЕ ЖАҢА ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҰСЫНДЫ

ЭКСПОНЕНТТЕР SECUREX 2023 КӨРМЕСІНДЕ ЖАҢА ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҰСЫНДЫ

securex 1

Дәстүр бойынша еліміздің қауіпсіздік бағыты мен өртке қарсы қызметте жетекшілік ететін мемлекеттік құрылымдардың өкілдері құрметті қонақтар болды. Экспозиция жұмысының басталуын білдіретін лентаны салтанатты кесу рәсіміне Қазақстан Республикасы Өртке қарсы қызмет комитетінің азаматтық қорғау генерал - майоры - Н.Б. Дербисов, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау департаменті басқармасы бастығының орынбасары - С. М. Құспанов, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары - С. Т. Асаинов, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы - Д.М. Жусупов,  Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің» бастығы - А. Н. Скабаев, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары - В. Г. Кравцов, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Техникалық-нормалау тобының бас маманы - Майлыбаев А. Д., «Iteca»компаниясының директоры - Даниленко Б. А. қатысты.

Securex23 05

«Мемлекет басшысы Қ. - Ж. Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында тез өзгеріп жатқан әлемде шешім қабылдау жылдамдығының төмендігі ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретінін атап өтті. Бүгінгі Securex Kazakhstan 2023 көрмесі еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған іс-шараларды тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Жемісті өзара іс-қимыл және жайлы жағдай бізге төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы жаңа технологияларды зерделеуге, өртке қарсы қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге және тәуекелдерді азайтуға көмектеседі. Көрме озық тәжірибелермен және инновациялық шешімдермен тиімді алмасуға ықпал етеді»,-деп атап өтті ҚР Өртке қарсы қызмет комитетінің азаматтық қорғау генерал-майоры Н.Б.Дербисов.

Securex23 01

Сондай-ақ, көрменің ашылуы аясында ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау департаменті басқармасы бастығының орынбасары С.М. Құспанов қатысушыларға Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры И. В. Лепеханың құттықтау сөзін оқып, экспо-оқиғаны өткізудің маңыздылығын атап өтті. «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету атқарушы биліктің, кәсіпорындардың, қызметтердің және тиісті ұйымдардың жалпы күш-жігерін барынша үйлестіруді талап етеді. Тәжірибе алмасу бізге ертеңгі күнге деген сенімділікті және қоғамның игілігі үшін жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Көрме азаматтық қорғаныс және құқықтық тәртіп саласындағы перспективалық инновациялармен танысуға, ал іскерлік бағдарлама шеңберінде мемлекет пен оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін көтеруге мүмкіндік береді. Өткізілетін көрме мамандардың ой-өрісін кеңейтуге жәрдемдеседі және еліміздегі қауіпсіздік индустриясы нарығын дамыту үшін қосымша жағдайлар жасауға қызмет етеді», - делінген құттықтау сөзінде.

Securex23 02

2023 жылғы көрме қатысушыларының қатарында Қазақстан, Қытай және Ресейден 30-дан астам қатысушы болды. Бірыңғай ұжымдық стендпен Ресей Федерациясының Омбы облысының төрт компаниясы шықты. Қатысушылар өз стендтерінде объектілердегі интеграцияланған қауіпсіздік жүйелерін, спутниктік бақылау жүйелерін, зияткерлік бейнебақылау жүйелерін, кіруді басқару жүйелерін, өрт дабылдарын, қауіпсіздік жүйелеріне арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді, физикалық периметрлік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін инженерлік объектілерді, өрт автоматикасын, өрт сөндіруді жобалау және орнатуды, инновациялық өнімдер, желілік құрылғылар, аксессуарлар және т.б. таныстырды.
Биылғы жылы көрмеге қатысушылардың жалпы санының 50%-дан астамы дебютанттар, соның ішінде Армэкс, Инсайрес, Интеграл Плюс, «Паритет» кабель зауыты, ПК Огнеборец, СПКБ Техно, Страда, Biosmart, Ajax Systems, Ferroom, Logitex-Market, PROFPAINTS L.T.D., Shenzhen Gangshan Guanglian Electronics Tech Co., LTD және т.б.

Securex23 07

Семинар аймағында бүгін кәсіби келушілер тарапынан белсенділік пен қызығушылықтың артуы байқалды. Pulsar, Absolute Defence Distribution, Импэкс-Групп және Hikvision Kazakhstan компанияларының сарапшы-практиктері кіруді басқару және бақылау жүйесі және бейнебақылау, цифрлық және зияткерлік шешімдерді пайдаланудың артықшылықтары, дірілді анықтау жүйесі және периметрді қорғау, интерактивті панельдер бойынша семинарлар өткізді.

Көрмеде алғаш рет RUБЕЖ журналының ресми баспасөз орталығы жұмыс істеді, онда сала сарапшылары көрме туралы әсерлерімен бөліседі, қауіпсіздік жүйелері нарығының трендтерімен таныстырады және өзекті мәселелерді талқылайды.

Securex23 03

Көрме жұмысының екінші күні ADD, Инсайрес, Импекс-Групп компанияларынан семинарлары өтеді. Сондай-ақ, әлеуметтік әл-ауқат объектілерінде және коммерциялық объектілерде цифрландыру ғасырында кіруді басқару және бақылау жүйесін дамытуды талқылауға бағытталған дөңгелек үстелдерге үлкен көңіл бөлінетін болады. Күннің бірінші жартысында тәжірибе-сарапшылар мектеп және жалпы білім беру мекемелерінің қауіпсіздігін, негізгі проблемалар мен шешу жолдарын, Қазақстанның оқу орындарында қауіпсіз орта құру бойынша кешенді шешімдерді талқылайды.

Екінші дөңгелек үстел коммерциялық нысандардағы қауіпсіздік жүйелерін жобалау бойынша компаниялардың даму тенденциялары мен практикалық тәжірибесін көрсетеді.

Іс-шараны «Iteca» және «Атакент-Экспо» қазақстандық көрме компаниялары ұйымдастырады.

Тіркеудің серіктесі Hikvision Kazakhstan компаниясы болып табылады. Бас ақпараттық серіктес – «RUБЕЖ» журналы.

Жобаға жыл сайын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі ресми қолдау көрсетеді.

Көрме тағы екі күнге 5 мамырға дейін созылады, сайтта алдын ала тіркелу бойынша қауіпсіздік индустриясының барлық мамандарын күтеміз!

www.securex.kz