Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің атынан Securex Kazakhstan 2025 ⅫⅠ Қазақстандық халықаралық «Қорғау, Қауіпсіздік, Қорғану құралдары және Өрттен сақтандыру» көрмесінің қонақтары мен қатысушылары қош келдіңіздер!
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың ортақ күш-жігерін барынша үйлестіруді талап етеді. Бүгінгі таңда тәжірибе алмасу және ынтымақтастық бізге барлық салада қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады.
Securex Kazakshtan көрмесі барлық мүдделі құрылымдар мен мамандарға азаматтық қорғаныс және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы заманауи жетістіктермен перспективалық әзірлемелермен танысуға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Іскерлік бағдарлама шеңберінде мемлекет пен оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылау.
Перспективалық әзірлемелерді көрсетумен қатар, көрме мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, жетекші отандық және шетелдік компаниялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарын өндірушілер мен жеткізушілер арасындағы іскерлік және кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етеді, бұл біздің еліміздегі озық тәжірибелер мен жаңа әзірлемелерді кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.
Көрмені ұйымдастырушыларға, қатысушылар мен қонактарға табыс және жемісті жұмыс тілеймін!
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Эгида» компаниялар тобының атынан Қазақстандық халықаралық «Қауіпсіздік, Қорғаныс, Құтқару құралдары және Өрт қауіпсіздігі – Securex Kazakhstan 2025» жыл сайынғы көрмесінің қатысушылары мен қонақтарына сәлем жолдаймын. Бүгін біз осындай жоғары деңгейде әрбір адам мен қоғам үшін басты қажеттіліктердің бірі – Қауіпсіздік мәселесін талқылай алатынымызға қуаныштымын.
Туылған сәттен бастап және өмір бойы адам қауіпсіздікке бейсаналы түрде ұмтылады: алдымен, жолды алғаш рет өздігінен өту барысында автокөліктердің шексіз ағынын мұқият тексеруден бастап, содан кейін, өз отбасы үшін қолайлы үй, автокөлік пен банкті аса зер салып таңдау. Қауіпсіздік пен сенімділік сезімі бізге үйреншікті өмір сүру негізімізге айналды.
Біздің басты сеніміміз – жақындарымызды аман-есен, өмірге риза, күш-қуаты мол күйде көру. Күн сайынғы қауіпсіздік – бұл дамыған, өркениетті қоғамның өмірлік нормасы. Болашағы бар қоғамның негізгі қағидаты. «Эгида» компаниялар тобы өз жұмысына деген кәсіби көзқарасы мен жетістіктері арқылы осы тұжырымның дұрыстығын растайды.
«Эгида» компаниялар тобы – Қазақстанда, Орталық Азия елдерінде және Ресей Федерациясы аумағында қауіпсіздік жүйелері нарығындағы жетекші компаниялардың бірі, толық қызмет кешенін ұсынатын сенімді серіктес.
Басым бағыттар – қауіпсіздік жүйелерін өндіру және сату, сондай-ақ монтаждау, мониторинг, жобалау, техникалық қызмет көрсету және консалтингтік қызметтер көрсету. Бүгінгі таңда «Эгида» компаниялар тобы – бұл заманауи талаптарға сай қызметтердің кең спектрі, қызмет сапасын қатаң бақылау, озық технологияларды енгізу, клиенттерге қызмет көрсету жүйесін үздіксіз жетілдіру. «Эгида» компаниялар тобы қауіпсіздік саласына деген жаңа көзқарасты қалыптастыратын күшті кәсіпқойлар бірлестігі ретінде танылып отыр.
«Эгида» компаниялар тобы – бұл заманауи, қарқынды дамып келе жатқан, прогрессивті компаниялар бірлестігі, олардың табысының негізі – жоғары кәсіби шеберлік пен істі жүргізудегі озық тәсілдер. Сенімді қауіпсіздік жүйелерін қолданудағы кәсіби тәжірибеге сүйене отырып, біз халықаралық нарықта инновациялық технологияларды енгізу арқылы клиенттеріміздің өмірі, денсаулығы мен мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеміз. Біз үшін әрбір клиент – құнды, әрбір жоба – бірегей. Уақыттан оза әрекет ете отырып, біз қауіпсіздік саласында көшбасшылыққа ұмтыламыз.
Securex Kazakhstan 2025 халықаралық көрмесінің барлық қатысушылары мен қонақтарына табыс пен жемісті жұмыс тілеймін!
Құрметті көрме қатысушылары мен қонақтары!
«Атакент» ҚІЫО» АҚ атынан және жеке өз атымнан сіздерді салалық экспо-іс-шарада қарсы алғаныма қуаныштымын! Біздің көрме орталығымыз – бұл отандық және халықаралық компанияларды, түрлі салалардағы сарапшылар мен кәсіпқойларды біріктіретін Оңтүстік астанадағы жетекші алаң.
Қазақстандық «Iteca» көрме компаниясының көрмелері бірнеше жылдар бойы тауарлар мен қызметтерді жарнамалауға арналған көрме алаңы ғана емес, бизнесті дамыту, серіктестік байланыстарды орнату және инновациялық шешімдерді ілгерілету үшін тиімді құрал болып келеді. Көрмеге қатысу компаниялар үшін өсуге жаңа мүмкіндіктер ашып, тұтынушыларды табуға және ынтымақтастық аясын кеңейтуге көмектеседі.
«Атакент» ҚІЫО» АҚ көрме индустриясын дамытуға ықпал етіп, ең жоғары деңгейдегі іс-шараларды өткізуге қолайлы жағдай жасайтынына мақтанады. Биыл біз экспоненттер мен келушілер үшін қосымша мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында жалпы ауданы 3 800 шаршы метрді құрайтын жаңа павильондарды аштық. Павильондар ауқымды іс-шараларды өткізу үшін қажетті барлық заманауи техникалық құралдармен, тұрақ орындарымен және жұмысқа ыңғайлы жағдайлармен жабдықталған.
Көрме кешенінің инфрақұрылымын кеңейту көптеген елдерден қатысушыларды тартуға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. Біз қатысушылардың көп бөлігі өз жобаларын таныстырып, бизнестің шекарасын кеңейте алатын алаң құруға ұмтыламыз.
Мен жаңа павильондардың еліміздің көрме индустриясын дамытудағы маңызды қадамға айналатынына, ал көрме аясындағы әрбір кездесу сіздерге жаңа идеялар, пайдалы таныстықтар және перспективалық келісімдер әкелетініне сенімдімін.
Барлық қатысушыларға табысты жұмыс, нәтижелі кездесулер және ең батыл мақсаттардың жүзеге асуын тілеймін. Сіздер үшін жаңа перспективалар мен өсу мүмкіндіктері ашылсын!