13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау және Ақпараттық Технологиялар» көрмесі
13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау және Ақпараттық Технологиялар» көрмесі

SECUREX KAZAKHSTAN 2024: ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ОЗЫҚ ШЕШІМДЕР АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА САЛАЛЫҚ САРАПШЫЛАРДЫ ЖИНАЙДЫ

2024 ЖЫЛҒЫ 13–15 НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫДА 12-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚОРҒАУ, ҚАУІПСІЗДІК, ҚОРҒАНУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ӨРТТЕН САҚТАНДЫРУ» - SECUREX KAZAKHSTAN 2024 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.  ДӘСТҮР БОЙЫНША НАРЫҚ КӨШБАСШЫЛАРЫ МЕН САЛА МАМАНДАРЫ 9 ПАВИЛЬОНДА, «АТАКЕНТ» ҚІЫО-ДА КЕЗДЕСЕДІ.

      Көрмеге Қазақстан, Қытай, Ресей, Польша және Франциядан 40-тан астам компания қатысқанын растады. Ресей Федерациясының Омбы және Орал облыстарының өндірушілері ұжымдық стендтермен көрмеге қатысады.

      Жетекші қазақстандық және шетелдік өндірушілер мен жеткізушілер көрменің келесіде көрсетілген бөлімдерінде жабдықтар мен технологияларды ұсынады: күзет дабылы және құлақтандыру, кіруді бақылау және басқару жүйелері, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, сондай-ақ ITS «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» мамандандырылған секциясы.

      Өз стендтерінде көрмеге қатысушылар физикалық қауіпсіздік саласындағы ең жаңа өнім желілерін, интеллектуалды үйді қорғау жүйесін, күзет детекторларын, жарылыс қаупі бар объектілерге арналған жабдықтарды, хабарландыру және эвакуацияны басқару жүйелерін (оның ішінде цифрлық), бейнебақылау және дабыл жүйелерін, спутниктік мониторинг және телекоммуникация жүйелерін, ақпаратты қорғау және жұмыс уақытын есепке алудың биометриялық жүйелерін, боллардтарды, антитаран құрылғылары, автоматика, шлагбаумдар, кіруді басқару контроллері, кіруді бақылау және басқару жүйесі үшін бағдарламалық қамтамасыз ету, өртке қарсы жабдық, күзет-өрт техникасы, ақпаратты қорғаудың цифрлық технологиялары және ID-Tech шешімдерімен таныстырып көрсетеді.   

      Қатысушылардың стендтерінде брендтердің кең ауқымының ұсынылуы, оның ішінде:FAAC, PAL Electronics, firestop, RAPTOR, TP-Link, ridom, Тромбон, Глагол, Дракар, Карелпожлиния, Страж, CARVIS, РЕВИЗОР, Бастион, biosmart, Oxgard, Perco, НОРА-М, Fanvil, Yeastar, Рубеж, Сибирский Арсенал, Hikvision, I-PRO, Trassir, hfsecurity, Hisource, Hysoon және тағы басқалар Securex Kazakhstan 2024 көрмесінің бірегейлігін көрсетіп, оны негізгі салалық іс-шараға айналдырады.  

      Қорғау және қауіпсіздік саласында цифрлық технологияларды дамыту қазіргі әлемнің ажырамас бөлігі болып табылады. Қауіпсіздік және үй-жайларды қорғау жүйелерін цифрландыру тек тренд емес, қажеттілік болып табылады. Бұл бағыт коммерциялық және жеке нысандарды қорғау үшін барған сайын инновациялық шешімдерді ұсына отырып, белсенді дамып келеді. Бұған дебютант компаниялардың қатысуы дәлел. 2024 жылы қатысушылар тізімінде ОНИКС СБ, Etalon Group, Сегмент Энерго Казахстан, Карелпожлиния, Кордон, Дракар, Keeper.kz, Intellicom, Альтпром Инвест, Тумар Дистрибьюшн Орталық Азия және тағы басқа компаниялар.   

      Көрмеде дәстүрлі түрде іскерлік бағдарламаның аясында пленарлық отырыс, Securex Talks мамандандырылған сессиялары және қауіпсіздік жүйелерін цифрландыру жөніндегі индустриялық кейстер кіреді. «Қазақстан қалаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттестігі» тақырыбына арналған пленарлық отырысқа диалог форматында мемлекеттік  құрылымдардың өкілдері мен бизнестің негізгі ойыншылары қатысады. Securex Talks сессиясы аясында спикерлер киберқауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бизнестің міндеттерін шешу үшін технологияларды енгізудің сәтті кейстерімен бөліседі. Цифрлық трансформация мәселелері және процестерді автоматтандыру үшін IT шешімдерді қолдану «Қауіпсіздік жүйелерін цифрландыру. Өнеркәсіптік кейстер» сессиясы барысында қаралатын болады. Сондай-ақ, Logitex-Market пен Эгида Group компанияларының тәжірибе сарапшылары семинарлар барысында келушілердің сұрақтарына жауап беріп, қауіпсіздік, күзет және өрт сөндіру саласындағы перспективалық технологиялар туралы айтады.       

      Биылғы жылдың жаңалығы ол ITECA.EVENTS мобильді қосымшасының іске қосылуы болды, оның негізгі міндеті келушілер мен қатысушылар арасында тамаша бизнес-коммуникациялар құру болып табылады. Қосымша кездесулерді тағайындау, лидтерді жинау және ең өзекті ақпаратты мобильді пайдалану мүмкіндігімен өзара әрекеттесу мен байланыс алмасуды жақсарту үшін жасанды интеллект пен озық алгоритмдер арқылы жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, ITECA.EVENTS - бұл сіздің жеке мобильді құрылғыңыздағы цифрлық форматтағы көрмедегі көмекшіңіз.   

      Жобаға жыл сайын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі ресми қолдау көрсетеді.

      Іс-шараның Бас серіктесі - ЭГИДА GROUP, Бас ақпараттық серіктесі - RUБЕЖ журналы.

      Көрмені қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы және «Атакент-Экспо» ұйымдастырады.

      Толығырақ ақпарат, қатысушылар тізімі мен іскерлік бағдарлама іс-шараның веб-сайтында: www.securex.kz