SECUREX KAZAKHSTAN 2023 КӨРМЕСІНДЕ СІЗДІҢ БИЗНЕСІҢІЗДІҢ ЖӘНЕ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІҢІЗДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР
3-5 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА «КҮЗЕТ, ҚАУІПСІЗДІК, ҚҰТҚАРУ ҚҰРАЛДАРЫ, ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАНЫС» 11-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ - SECUREX KAZAKHSTAN 2023. ЭКСПОЗИЦИЯ "АТАКЕНТ" КҚКО - НЫҢ 10-ШЫ КӨРМЕ ПАВИЛЬОНЫНДА АШЫЛАДЫ.
Қатысушылар қатарында Қазақстан, Қытай және Ресейден 40-тан астам өндіруші компаниялар, әзірлеушілер мен жеткізушілер бар. Экспонент физикалық қауіпсіздікке арналған өнімдерді, бейнебақылау және дабыл жүйелерін, спутниктік мониторинг және телекоммуникация жүйелерін, ақпаратты қорғау және жұмыс уақытын есепке алудың биометриялық жүйелерін, қолжетімділікті басқару контроллерлерін, ҚЖБЖ үшін БЖ, өртке қарсы жабдықтарды, күзет-өрт техникасын, ақпаратты қорғау жөніндегі цифрлық технологияларды және ID-Tech шешімдерін ұсынады.
Осы бағыттың даму перспективасын ескере отырып, жыл сайын көрмеге қатысушылардың шамамен 30% - ы алғаш рет шығады. Дебютант ретінде өз өнімдерін Армэкс, ПК Огнеборец, Biosmart, Elite Central Asia, Logitex-Market және басқада компаниялар ұсынады.
Бүкіл әлемде күзет жүйелеріне, бейнебақылау жүйелеріне, өртке қарсы жүйелерге арналған жабдықтарға, кіруді бақылау және басқару жүйелеріне және т.б. сұраныс артып келеді, бұл адамдарды қорғау мен күзетуді қамтамасыз етеді және олардың қызмет саласының қауіпсіздігін қолдайды. Сарапшылардың болжамына сәйкес, MarketsandMarkets әлемдік бейнебақылау және қауіпсіздік жүйелері нарығының көлемі 2020 жылы 45,5 миллиард доллардан 2025 жылға қарай 74,6 миллиард долларға дейін өседі, орташа жылдық өсу қарқыны 10,4% құрайды. Securex Kazakhstan отандық және халықаралық компанияларға саланың үздік инновациялық шешімдерін көрсетуге, ал қауіпсіздік индустриясының мамандары мен кәсіппқойлары арасынан келушілерге перспективалық әзірлемелерді бағалауға және таңдауға мүмкіндік береді.
Көрмеге келушілерге кәсіптік білім базасын қанықтыруға және іскерлік бағдарлама іс-шаралары кезінде практикалық кейстер алуға бірегей мүмкіндік беріледі. Оның мазмұнына нарықтың негізгі ойыншыларының семинарлары, іскерлік кездесулер мен презентациялар кіреді. 4 мамырда тақырыптары қазіргі заман талабына сай келетін № 2 семинар бөлмесінде екі дөңгелек үстел өтеді:
- Цифрландыру дәуірінде ҚЖБЖ және Бейнебақылау жүйелерін дамыту. Әлеуметтік әл-ауқат пен қауіпсіз қалалық ортаны қамтамасыз етуге арналған жаһандық шешімдер.
- Коммерциялық нысандардағы қауіпсіздік жүйелерін жобалау. Даму тенденциялары және практикалық тәжірибе.
Инсайрес, Absolute Defence Distribution, Hikvision, Импэкс-Групп, Pulsar компанияларының сарапшылары семинарлар барысында келушілердің сұрақтарына жауап береді және қауіпсіздік, күзет және өрт сөндіру саласындағы перспективалы технологиялар туралы айтып береді.
Жобаға жыл сайын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі ресми қолдау көрсетеді.
Көрмені «Iteca» және «Атакент-Экспо» қазақстандық көрме компаниялары ұйымдастырады.
Тіркеу серіктесі-Hikvision компаниясы. Бас ақпараттық серіктес - «RUБЕЖ» журналы.
Толығырақ ақпаратпен танысып, қатысушылар тізімімен және іскерлік бағдарламамен іс-шараның веб-сайтынан танысуға болады: www.securex.kz