13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау және Ақпараттық Технологиялар» көрмесі
13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау және Ақпараттық Технологиялар» көрмесі

КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР SECUREX KAZAKHSTAN 2024 КӨРМЕСІНДЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҰСЫНДЫ

2024 ЖЫЛҒЫ 13 НАУРЫЗДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК АСТАНАСЫ – АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА, «АТАКЕНТ» КӨРМЕ КЕШЕНІНІҢ АУМАҒЫНДА ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ІС ШАРА – «ҚАУІПСІЗДІК, ӨРТТЕН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» – SECUREX KAZAKHSTAN 2024 КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ. БҰЛ – САЛАНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНДАРЫН, ӘЗІРЛЕУШІ КОМПАНИЯЛАРДЫ, АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТЕН БАСТАП ОБЪЕКТІЛЕРДІ ФИЗИКАЛЫҚ ҚОРҒАУҒА ДЕЙІНГІ ӘРТҮРЛІ САЛАЛАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ЖАБДЫҚТАР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨНДІРУШІЛЕРІН БІР ЭКСПОЗИЦИЯҒА ЖИНАҒАН БІРЕГЕЙ АЛАҢ.  

            2024 жылғы экспоненттер құрамында 8 елден (Беларусь, Қазақстан, Қытай, Польша, Ресей, АҚШ, Украина, Оңтүстік Корея) 65 қатысушы болды. Ресей Федерациясының Омбы және Орал облыстарының өндірушілері өздерін ұжымдық стендтер арқылы таныстырды. Қатысушылар өз стендтерінде физикалық қауіпсіздік саласындағы ең жаңа өнім топтамасы, үйді қорғаудың интеллектуалды жүйелерін, күзет детекторларын, жарылыс қаупі бар объектілерге арналған жабдықтарды, эвакуацияны хабарлау және басқару жүйелерін (оның ішінде цифрлық), бейнебақылау және дабыл жүйелерін, спутниктік мониторинг және телекоммуникация жүйелерін, ақпаратты қорғау және жұмыс уақытын есепке алудың биометриялық жүйелерін, боллардтарды, антитаран құрылғылары, автоматика, шлагбаумдар, кіруді басқару контроллері, Қолжеткізуді бақылау және басқару жүйесіне (ҚББЖ) арналған бағдарламалық жасақтама, өртке қарсы жабдық, күзет-өрт техникасы, ақпаратты қорғаудың сандық технологиялары және ID-Tech шешімдері.

Securex 24 6

            Айта кету керек, өткен жылмен салыстырғанда қатысушылар санының өсуі 70%-ға жетті. Ал экспоненттердің 53%-дан астамы дебютанттар, олардың ішінде Тромбон, Etalon Group, Segment Energo Kazakhstan, Карелпожлиния, Кордон, Дракар, Keeper.kz, Intellicom, Iris Id Systems, Альтпром Инвест, Parsec, Bekem Trade, Альтпром Инвест, Cleverpark Global, Kazsiem, Fudo Security және басқалары. Көше экспозициясында отандық өндіруші EvrazEx өз жабдықтарын «Barracuda» сауда белгісімен таныстырды.   

            Ақпараттық технологиялар мен киберқауіпсіздікті қолдану саласының дамуы мен өсуі «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» ITS  жеке мамандандырылған секциясының өсуіне ықпал етті, оған қатысушылар стендтерде озық цифрлық технологияларды пайдалана отырып, қауіпсіздік шараларын күшейту және деректерді сақтауға арналған жаңа әзірлемелерді ұсынды.

Securex 24 5

Securex Kazakhstan 2024 көрмесі әлемнің түкпір-түкпірінен салалық инновацияларды көрсету үшін ғана емес, сонымен қатар биылғы көрменің айрықша ерекшелігі болып саналатын тиімді диалог және оқыту алаңы ретінде қызмет етеді. Іскерлік бағдарлама ел тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы мәселелеріне арналған пленарлық отырыстан басталды.

Мемлекет өкілдері ведомствоның негізгі міндеттері мен басым жобаларын белгілеп, ал сала көшбасшылары осы сұраныстардың тиімді шешімдерін ұсынды. Спикерлер ретінде сөз сөйлегендер қатарында: Рамиль Камалов – ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, Нұрлан Атығаев – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы , Рустем Искаков – Қазақстанның Азаматтық қорғаныс одағының төрағасы, Аскар Тақсымов – Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» ШЖҚ МКК басшысы, Виктор Гусев – «Эгида Group» ЖШС коммерциялық директоры, Николай Гуров – «Hikvision Kazakhstan» ЖШС даму менеджері.    

Securex 24 16

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрқашан біздің еліміздің және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің маңызды басымдықтарының бірі болып қалады. Бұл міндетті адамдардың өмірі үшін жайлы және қолайлы жағдайларды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи технологиялары мен құтқару құралдарын қолданусыз іске асыру мүмкін емес. Экспозициялар мен семинарларға қатыса отырып, авариялық-құтқару және өртке қарсы индустрияның жаңа әзірлемелері мен технологияларын бағалауға және егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік туады», - деп атап өтті Рамиль Камалов.    

Сондай-ақ, ол Қазақстанда қолданылатын өрт сөндіру саласындағы соңғы технологиялар мен тұрғын үй және өндірістік объектілердің өртке қарсы қызметінің нормаларын әзірлеу саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Нұрлан Атығаев өз сөзінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жұмысы қала халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтық қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың тәуекелдерін азайтуға және салдарын жеңілдетуге бағытталғанын атап өтті.

Securex 24 14

Securex Talks сессиясы аясында спикерлер киберқауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бизнестің міндеттерін шешуге арналған технологияларды енгізу бойынша табысты кейстерді таныстырды. GPI Group серіктесі, «Атамекен» ҰКП Тұрақты даму мен ESG кеңесінің төрағасы, «TECHNOWOMEN» КЕҰ басқарма мүшесі.

Юлия Якупбаева экспо-оқиғалардың рөлі туралы өз пікірімен бөлісті: «Securex Kazakhstan 2024 көрмесі сияқты сараптамалық алаңдар саланы дамыту үшін маңызды, бұл іс-шарада басқа жерлерде кездестірмейтін сарапшылар бар. Біздің қызметімізде уақытылы тәжірибе алмасу және мамандардың сараптамалық қатысуы маңызды».    

            «Қауіпсіздік жүйелерін цифрландыру. Өнеркәсіптік кейстер» сессиясы барысында цифрлық трансформация және процестерді автоматтандыру үшін IT шешімдерді қолдану мәселелері қаралды. Күні бойы Си-Норд, Рубеж және Hikvision компанияларының тәжірибе сарапшылары көрменің келушілеріне арналған бірқатар оқыту семинарларын өткізді.

            Көрменің ұйымдастырушылары Қазақстандық көрме компаниялары «Атакент-Экспо», «Iteca» және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.

Securex 24 34

 

            Көрменің бас серіктесі - ЭГИДА GROUP.

            Бас ақпараттық серіктесі - RUБЕЖ журналы.

            Жыл сайын іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі ресми қолдау көрсетті.

            Көрме 15 наурызды қоса алғанда тағы екі күнге созылады, іс-шара сайтында алдын ала тіркелу бойынша қауіпсіздік индустриясының барлық мамандарын асыға күтеміз.

www.securex.kz