13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау және Ақпараттық Технологиялар» көрмесі
13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау және Ақпараттық Технологиялар» көрмесі

ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАН КИБЕРҚАУІПСІЗДІККЕ ДЕЙІН: SECUREX KAZAKHSTAN 2024 КӨРМЕСІНІҢ ІСКЕРЛІК ФОКУСЫ

КҮЗЕТ ЖҮЙЕЛЕРІ МЕН БЕЙНЕБАҚЫЛАУ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ МЕН ӨСУІ БІЗДІҢ ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУ ҮШІН ЖАЛПЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТІҢ БІР БӨЛІГІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ҚАЗАҚСТАНДА, КӨПТЕГЕН БАСҚА ЕЛДЕРДЕГІДЕЙ, БЕЙНЕБАҚЫЛАУДЫ, ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІН, СОНДАЙ-АҚ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕЛЕРІН ҚОСА АЛҒАНДА, ҚАУІПСІЗДІК СЕКТОРЫНА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ӨСУІ БАЙҚАЛАДЫ.

2024 жылғы 13–15 наурыз аралығында «Атакент» көрме кешенінің аумағында 12-ші Қазақстандық Халықаралық «Қорғау, Қауіпсіздік, Қорғану құралдары және Өрттен сақтандыру» - Securex Kazakhstan 2024 көрмесінің алаңында 8 елден 55 экспонент озық жаңа өнімдерді және бейнебақылау, қауіпсіздік, өртке қарсы қорғаныс құралдарымен, киберқауіпсіздік саласындағы бағдарламалық шешімдерімен таныстырады.  

Көрме аясында «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» ITS мамандандырылған секциясы ұйымдастырылды.

Өз стендтерін Беларусь, Қазақстан, Қытай, Польша, Ресей, АҚШ, Украина, Оңтүстік Кореядан қатысушылар ұсынады. Ал Ресей Федерациясының Омбы және Орал облыстарының компаниялары өздерін ұжымдық стендтермен таныстарды.

Экспо-шараның дебютанттарының қатарындағы компаниялар – Тромбон, Etalon Group, Сегмент Энерго Казахстан, Карелпожлиния, Кордон, Дракар, Keeper.kz, Intellicom, Альтпром Инвест, PARSEC, Bekem Trade, Альтпром Инвест, Clever Parking, Rusiem, Fudo Security. «Barracuda» сауда белгісі бар отандық EvrazEx өндірушісі көше экспозициясы аясында бастиондар, су бактары және басқа да жабдықтарымен таныстырады.

Көрме экспозициясынан басқа, ашық диалог пен отандық және халықаралық нарық флагмандарының ең инновациялық әзірлемелерімен танысу мақсатында 13 наурызда Қазақстандағы қалалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттесуіне арналған пленарлық отырыс өтеді. Спикерлер ретінде ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Камалов Рамиль, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев, сондай-ақ қатысушылар арасында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Самұрық-Қазына» АҚ, Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының, Эгида Group және Hikvision Kazakhstan компанияларының өкілдері сөз сөйлейді.  

Сондай-ақ, іскерлік бағдарлама аясында ақпараттық технологиялар мен киберқауіпсіздік мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Ақпараттық қауіпсіздік, АТ және коммуникациялар жөніндегі тәуелсіз сарапшы Евгений Питолин модераторы болатын SECUREX TALKS сессиясы барысында спикерлер осы саладағы бизнестің міндеттерін шешу үшін табысты кейстерді талқылайды.

Цифрлық трансформация мәселелері және процестерді автоматтандыру үшін IT-шешімдерді қолдану «қауіпсіздік жүйелерін цифрландыру - индустриялық кейстер»  кейс-сессиясында талқыланатын болады. Қауіпсіздік жүйелері цифрлық және технологиялық сипатқа ие болған сайын, киберқауіпсіздіктің маңыздылығы артады. Әртүрлі деректер мен нысандарды кибершабуылдардан қорғау өте маңызды. Сессиялар аясында тәжірибе сарапшылары ақпаратты қорғаудың озық технологияларын әзірлеу және енгізу саласындағы білімдері мен тәжірибелерімен бөліседі.

Өткен жылғы тәжірибені еске ала отырып, Securex Kazakhstan көрмесінің іскерлік бағдарлама бөлімі сала мамандары тарапынан белсенді қатысуды және қызығушылықты тудыратынына сенімдіміз. Көрмеге қатысушылар жүйелік қауіпсіздік және оларды бизнесте қолдану мәселелері бойынша семинарлар өткізеді, ал технологиялық жаңалықтар туралы Си-Норд, Рубеж, Logitex, Эгида Group, Энергон, «DKC» АҚ, Hikvision және басқа да компаниялардың мамандары сөз сөйлейді.

Іскерлік бағдарламаның кестесімен толығырақ ITECA.EVENTS платформасының мобильді қосымшасы немесе веб-нұсқасын қолдана отырып танысуға болады. ITECA.EVENTS қызметі ең өзекті ақпаратқа цифрлық форматта қол жеткізуге мүмкіндік береді (қатысушылар тізімі, іскерлік бағдарлама кестесі, жеке кездесулер кестесі, павильон жоспары және т.б.).

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі ресми қолдау көрсетті.

Көрменің бас серіктесі - ЭГИДА GROUP.

Бас ақпараттық серіктесі - RUБЕЖ журналы.

Көрменің ұйымдастырушылары Қазақстандық көрме компаниялары Атакент-Экспо, Iteca және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.

Толық ақпарат пен  қатысушылар тізімімен іс-шараның веб-сайтында танысуға болады: www.securex.kz