13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау және Ақпараттық Технологиялар» көрмесі
13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау және Ақпараттық Технологиялар» көрмесі

Пандемиялық дәуірдегі көрме

Эпидемиологиялық тұрақсыз жағдайда да, көрмелер маңызды бизнесті қолдау құралы болып қала береді. Қазақстан Республикасының Үкіметі санитарлық нормаларды қатал сақтап және ASHYQ қосымшасын (ashyq.kz) қолдана отырып, Қазақстанда көрме қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады.

КӨРМЕ АЛДЫНДА: ТІРКЕЛУ, КІРУ, ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ

  1. Көрмеде қолданылатын өзекті ережелер туралы ақпарат көрменің ресми сайтында, әлеуметтік желілерде орналастырылған және де электронды пошта арқылы үнемі жіберіліп тұрады.
  2. Қазақстанға келер алдында, сіздің ел мемлекеттік органдарының, шетелге саяхаттануға арналған ережелермен танысыңыз.
  3. Келіссөздерді алдын-ала жоспарлау үшін көрме жоспары мен экспоненттер тізімін пайдаланыңыз. Көрмеде уақытыңызды мұқият жоспарлаңыз.
  4. Көрмеге онлайн тіркеліп, электрондық билетті алдын-ала басып шығарыңыз, себебі көрмеге кірер алдында тіркелуге мүмкіндік болмайды. Қажетті стенд туралы ақпарат пен промокодын алдын-ала компанияңыздан біліп алып, көрмеге тіркеліңіз.
  5. Өтінеміз, әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережелеріне және көрме алаңын салу кезінде, едендегі арнайы белгілерге назар аударыңыз.

КӨРМЕ ЖҰМЫС УАҚЫТЫНДАҒЫ ГИГИЕНА МЕН ДЕЗИНФЕКЦИЯ

  1. Егер сізде және қызметкерлеріңізде ЖРВИ немесе COVID-19 белгілері болса, іс-шарада қатыспауыңызды сұраймыз.
  2. Өтінеміз, өзіңібен дезинфекция құралдарын алып жүріңіз. Оны көрме залына кірген кезде, іскерлік алаңында және адамдар көп шоғырланған жерде қолданыңыз. Қажет болса, жалпы санитайзерды қолдануға болады.
  3. Қазақстанда қазіргі санитарлық талаптарға сәйкес көрмелерде және кез-келген қоғамдық орындарда медициналық масканы кию қажет. Көрме залдарына және іскерлік бағдарламалар алаңына кіру кезінде масканы қолдануды сұраймыз. Маскаларыңызды үнемі ауыстыруды ұмытпаңыз.
  4. «Атакент» көрме орталығымен бірге, біз көрме ашылуына дейін, жұмыс кезінде және әр көрме күні аяқталғаннан кейін барлық қоғамдық орындарды мұқият тазалап, дезинфекциялаймыз.

ӘЛЕУМЕТТІК АРАҚАШЫҚТЫҚ

  1. Стендтер аралық дәліздерде жүріс бір жақты болады. Навигациялық белгілерге назар аударыңыздар.
  2. Өтінеміз, қол алыспаңыз және де қағаз визиткалармен алмаспауға тырысыңыз.
  3. Барлық кездесулер мен таныстырылымдарда әлеуметтік арақашықтықты сақтаңыз.
  4. Сувенир өнімдерін таратпауға кеңес беремыз. Жарнамалық материалдарды электронды түрде жіберу мүмкіндігін қарастырыңыз.
  5. Клиенттер мен серіктестер кездесулерін алдын-ала жоспарлауға кеңес береміз.

ҚАУІПСІЗ ҚАТЫНАСУ

  1. Көрме аумағындағы касса мен кафеде қолма-қол ақшасыз төлемдерді қолданыңыз.
  2. Іскерлік бағдарламаға аймақтары әлеуметтік қашықтықты сақтау талаптарымен ұйымдастырылады. Іскери шараларына алдын-ала келулеріңізді сұраймыз.
  3. Көрмеде арнайы қауіпсіздік шаралары қабылданады: бір жақты жүріс, стационарлық санитайзерлер және т.б. Барлық көрме қатысушылардан өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды және бізбен бірге белгіленген ережелерді бұлжытпай орындауды өтінеміз.

Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған таңда, іс-шарамызды мүмкіндігінше қауіпсіз өткізуіне сенімдіміз.